Ахан Отыншиев тағы да сынға ұшырады
Шудың бойында деп әндеткен Ахан Отыншиев қоржынын тағы бір туындымен толықтырды. «Қиял қыз» әніне бейнебаян түсіріп, желіге жүктеп үлгерді.
Сюжеттік желісі толықтай әзілден тұратын су жаңа әнбаянды түсіруге танымал актерлер мен вайнерлер атсалысыпты. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, «Ва-банк» комедиясында төбе көрсеткен Ерлан Пірімбетов, Нүркен Иманқұлов және Серғазы Тоқтарбек аталмыш туындыға тегін түсті. Тараз қаласында таспаланған әнбаянға 500 мың теңге қаржы кеткен. Әлеуметтік желіге жүктелген жаңа туындыға хейтерлер жағымсыз пікірлерін жаңбырша жаудырды. Әлбетте, қашанда біткен іске сыншы көп. Ал, әншінің алуан түрлі пікірге бас қатырар уақыты жоқ.
«Әркімнің пікірі әртүрлі. Біреуге ағы, біреуге қарасы ұнайды дегендей. Халық өзі шешеді. Мен өзіме көңілім толады. Көңілімнен шықпай қалды деген нәрселер көп болмайды», - деп жазды Ахан Отыншиев.
Айта кетейік, алдағы уақытта өнер иесі гастрольдік сапарға аттанады.