«Аграрлық несие корпорациясының» директоры сотталды

Петропавл қалалық соты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директорына қатысты үкімді жариялады.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден арнайы техника сатып алу және айналым қаражатын толықтыруға несие қарыздарын жеделдетіп бергені үшін, 100 және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше мәрте пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

 Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты