Ағабек Қонарбайұлы: 24 сәуір – Рамазан айының бірінші күні

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі саналатын В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінің ғылыми мәліметіне сүйеніп, сондай-ақ көрші Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен кеңесіп, Рамазан айының басталатын күнін белгіледі.

Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылмандар асыға күтетін рамазан айы биыл елімізде 24 сәуір күні басталады деген шешім қабылданды».

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте осылай деді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды