18 июня 2020 г. 10:06
Афина алаңы босқындар лагеріне айналды
Астана алаңы өзге елден келген мигранттарға толды, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың арасында балалар да көп.
Алматы, NEGE. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мигранттар ресми түрде осы елде қалуға мүмкіндік алғанмен, барар жері басар тауы жоқ. Олардың барлығы Лесбос аралынан келген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мигранттардың көбі грек тілін біледі. Айта кетейік, жергілікті заңға сәйкес босқын мәртебесіне ие болған әр адамға лагерьден кету үшін бір ай ғана уақыт беріледі. Кейін мигранттар өз күндерін өздері көру керек. Алайда баспана мен екі қолға бір күрек табу үшін бір ай уақыт аз дейді.