АЭС салу бойынша референдум өткізуге бюджеттен қанша қаражат бөлінеді?

Орталық сайлау комиссиясы АЭС бойынша референдумға жұмсалатын қаржының алдын ала сомасын жариялады.

pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл туралы журналистерге ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина мәлім етті.

Мұстафинаның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы референдумның болжамды сметасын әзірлеп, үкіметтің қарауына ұсынып жатыр.

«Шығындардың жалпы сомасы, біздің бағалауымыз бойынша, 15,5 миллиард теңге. Бұл сома 63 мемлекетте орналасқан және ашылған 78 шетелдік сайлау учаскелерінде республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуді қамтиды», – деді Мұстафина.

АЭС салуға қатысты референдумға 35 күн уақыт дайындық жұмыстары жүргізіледі. 12 қыркүйекке дейін азаматтар референдум комиссиялары орналасатын орындардан хабардар болады. АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Кейбір учаскелерде дауыс беру уақыты өзгертілуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды