Адвокат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын сотқа берді

Қазақстандық адвокат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын сотқа берді, деп хабарлайды Atameken Business.

Алматы, NEGE. Жангелді Сүлейманов қор басшылығын қазына қаражатын жөнсіз шашты деп айтыптап отыр. Заңгер фейсбуктегі жеке парақшасында салымшылардың зейнетақы жинақтарына сапасыз аудит жүргізілді деп жазды. «Делойт» компаниясы жасаған тексеріс кезінде бухгалтерлік есептердің дұрыстығы мен бухгалтерлік баланс мүлде аудиттелмеген. Бірақ, олқылықтарды ескермей зейнетақы қоры «Делойтқа» уәделі 15-17 миллион теңгені төлеген дейді адвокат. Оның айтуынша, егер сот арызды қанағаттандырса, мұндай тексерісті қабылдаған басшылар бюджет ақшасын ысырап еткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ал «Делойт»-тың аудиторлық қызмет жүргізу лицензиясынан айырылуы ғажап емес. Осыдан екі күн бұрын Алматыда істі қарауға дайындық отырысы өткен. Алайда, қор өкілдері төбе көрсетпеген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр