Адвокат: Украинада Сабуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Украинада қазақстандық комик Нұрлан Сабуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы адвокат Евгений Пронин өзінің Telegram арнасында хабарлады.

Истра муниципалдық округінің әкімшілігі / видеодан алынған скриншот

Астана, NEGE. Тергеу Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабы 1-бөлігі, яғни «агрессор мемлекетке жәрдемдесу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр. 

«Украина Қауіпсіздік қызметі менің Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Сабуровтың қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы арызым негізінде сотқа дейінгі тергеуді бастады», – деп жазды Евгений Пронин.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік БАҚ-та Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жайлы ақпарат тарады. Әзілкеш бұл жаңалықты Дубайдан Мәскеуге ұшып келген сәтінде Внуково әуежайында бірақ білген. Ол Қазақстанға оралуға мәжбүр болды.

Telegram-дағы «Важные истории» арнасының мәліметінше, Сабуров «ресейшіл» ұстанымын көрсету үшін «арнайы әскери операцияның қажеттіліктеріне» арнап 10 «Эндуро» мотоциклін беріп, сондай-ақ «Все для Победы» қорына 2 миллион рубль аударған.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді