Әділжан Жаудинов дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділжан Жаудинов кадеттер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Жарыс Болгарияның София қаласында өтуде.

ҰОК

Алматы, NEGE. Дзюдошы 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетті.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Жаудинов Чехия спортшысы Меличар Школаны жеңді.

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес жүлде бар. Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды. Ал Арман Мыса (50 келіге дейін) мен Ролан Қайырғали (66 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты