«Әділеттің» бағдарламасы елдегі әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейтеді – Жақсыбек Жиенәлиев

Әлеуметтанушы, Қазақстан қоғамдық даму институтының «MediaLab» Орталығының басшысы Жақсыбек Жиенәлиев «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған бағдарламасын талдай келе, құжат елдегі әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған деген ойға келді. 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

Астана, NEGE. Жиенәлиевтің пікірінше, құжатта халықтың өмір сапасын арттыруға арналған нақты бастамалар ұсынылған.

«Орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін ұлғайту, 1 миллион сапалы жұмыс орнын ашу, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және 3,5 мың тірек ауылды жаңғырту азаматтардың тұрақты табыс табуына, баспаналы болуына және сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуіне ықпал етеді», – дейді сарапшы.

Сондай-ақ, әлеуметтанушының айтуынша, бағдарламадағы тағы бір басты бағыт – озық технологияларды дамыту.

«5 миллион азаматты жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға бағытталған. Бұл жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жоғары табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтеді. Жалпы, құжат экономикалық өсуді халықтың әл-ауқатымен байланыстырады. Жұмыс орындарын көбейту, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, сапалы білім беру және өңірлерді дамыту орта таптың нығаюына және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың күшеюіне негіз бола алады», – деді Жиенәлиев.

Әлеуметтанушы ретінде ол бағдарламаның басты ерекшелігі – азаматтарды әлеуметтік көмекке тәуелді етуден гөрі, тұрақты жұмысқа, қолжетімді баспанаға және өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға басымдық берілуінде деген ойын айтты.

Сайлауалды бағдарламаның толық мәтінін «Әділет» партиясының сайтынан оқи аласыздар.


Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.