Әділет министрлігінің қызметкерлері экс-министр Марат Бекетаевқа қатысты іс бойынша сотта куәлік етеді

Министрліктің қазіргі басшысы Ерлан Сарсембаев Мажіліс кулуарында экс-әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты іс сотта қаралып жатқанын және министрліктің екі қызметкері куә ретінде шақырылғанын мәлімдеді.

Sputnik / Болат Шайхинов

Алматы, NEGE. «Маған белгілі болғандай, іс сотта қаралып жатыр. Менің білуімше, министрліктің екі қызметкері куәгер ретінде шақырылған», – деді ол.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметі бойынша, экс-министр «аффилирленген компанияның мүдделерін қорғау үшін жыл сайынғы келісімшарттар жасап, қажетсіз қызметтерді көрсету арқылы мемлекетке айтарлықтай залал келтірген». Келтірілген шығынның көлемі 1 миллиард теңгеден асады.