Әділдік – Қазақстандағы қоғамдық консенсустың бір бөлігі
Біз әділдік туралы шын мәнінде не ойлаймыз, және ол Қазақстан контексінде нені білдіреді? Әлеуметтік әділдік – адамдардың ресурстарды бөлудегі әділеттілікті қабылдауы: сапалы білім мен медицина, тұрғын үй қолжетімділігі; еңбек және оның бағалануы; заң алдындағы теңдік пен құқықты қорғау; сондай-ақ адамның шыққан тегіне, таныстықтарына немесе этносына қарамастан, әлеуметтік баспалдақпен көтерілу мүмкіндігі.