Әділет министрі алдағы рақымшылыққа қатысты пікір білдірді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жасалатын амнистия Қазақстандағы криминогендік жағдайды ушықтырмай ма? Бұл мәселеге қатысты Әділет министрі Марат Бекетаев түсінік берді.

Алматы, NEGE. «Өткен жылдардағы тәжірибеге тоқталсақ, қаскөй қылмыскерлер рақымшылық іс-шараларымен қамтылмады және бізде сыбайлас жемқорлар үшін жаза бойынша ерекше нормалар бар. Сондықтан осы салаларда амнистияға байланысты қандай да бір жағдайдың ушығуы болады деп топшылау дұрыс емес. Себебі бұл заң жобасын дайындауға қатысатын заң шығарушылар мен құқық қорғау органдары барлық жағдай мен факторларды назарға алады», – деді М. Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Қазір оқып жатыр

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты