Әділет Дәулембаев финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Нұр-Сұлтандағы Қазақстан біріншілігінде еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақтағы жеңімаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл салмақтағы Қазақстан чемпионы атағы алматылық Әділет Дәулембаевқа бұйырды. Ол финалда Омар Жұмашты мерзімінен бұрын жеңді. 

Қола жүлдені Бекзат Үркімбай (Нұр-Сұлтан) мен Әбдіманап Байгенжеев (Павлодар) иеленді.