Әдемі дәрігер қыздың тамаша әні

Теміртау қаласында фельдшер болып жұмыс істейтін 22 жастағы Ульяна Кислицына қазақша ән шырқап, әлеуметтік желінің жұлдызына айналды.

Алматы, NEGE. Белгілі әнші Қарақат Әбділдинаның «Асыл әжем» деген әнін шырқаған Ульяна әдемі әнімен аз уақытта жұртшылықты баурап алды. Kazprecc инстаграмм парақшасында жарияланған видеода автор: «Өз ісінің маманы және патриот! Бәріне әрдайым көмектесіп жүреді. Періште дауысы бар» деп жазған.

Ульяна Кислицынаның дауысы шынымен де ерекше екен. Ульянаның айтуынша, бұл видео шамамен екі апта бұрын түсірілген. «Ән салып отырғанымде әріптесім түсіріп алып, инстаграмға салған. Көп жағымды пікір айтылды. Өзім аң-таңмын» дейді дәрігер қыз.  

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен