2 октября 2024 г. 16:12

«Әдебиет және фольклор» – Түркология ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен семинар өтті

Фото: Ясауи университеті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен ф.ғ.д, профессор Шәкір Ыбраев – «Әдебиет және фольклор: типологиясы мен әдістемесі» атты семинар өтті.

Түркістан, NEGE. Іс-шараға Түркология ғылыми-зерттеу институтының ұжымы, Филология факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

Шәкір Ыбраев семинар барысында әдебиеттану ғылымы мен фольклортану ғылымының аспектілеріне, қазіргі отандық және шетелдік фольклортанудағы жаңа ғылыми бағыт, тың әдіснамалық талдаулар жөнінде сөз қозғады. Фольклорлық және әдеби туындылардың өзара байланысы, олардағы дәстүрлер ұқсастығы мен айырмашылығы жөнінде айтты.

Профессор өз сөзінде: «Фольклор – көп қырлы, көп қабатты, көп функционалды жан жақты ғылым. Көптеген ғылымға зерттеу обьектісі бола алады. Ол антропология, социология сияқты т.б ғылым салаларымен тікелей байланысты», - деді.

Сонымен қатар, ауызша айтылатын шығармалардың көптеген түрлері мен ауызша айтудың формулалары, ауызша айту барысында творчестволық процесті бастан кешу сынды т.б маңызды зерттеулермен бөлісті.

Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пікірлерін ортаға салды.