Адамзаттың өмірі қыл үстінде тұр
Осыдан бір апта бұрын «Италияда коронавирустан көз жұмғандар көбейді» деген хабарды естідік. Сол тәулікте қаза болғандар саны 150-250 болса, осы аптада тәулігіне 650-750 адамға жетті.
Италия – Европаның оңтүстігінде 60 млн адамға қоныс болған, тарихы тереңде жатқан мемлекет. Жыл сайын 60 миллионға жуық турист қабылдайды. Осыдан-ақ туризм саласы жақсы дамығанын аңғарамыз.
Осы күні жаһандық БАҚ-қа ортақ бірден-бір тақырып болса, ол – covid-19 індеті. Алғашында қытайлықтар қатты зардап шексе де, осы күні Италия халқына оңай соқпай тұр. Күн сайын вирус жұтырғандар саны артып, індетпен күресе алмай көз жұмып жатқаны көп.
Осы сағаттағы дерекке сүйенсек, Италияда вирус жұқтырғандар – 69 176, көз жұмғандар – 6 820, емделгендер – 8 326.
Тақырыпқа орай: Қытай коронавирустың емін тапты
Бірнеше аптадан бері вирустың таралу жеделдігін бақылап отырмыз. Жоғарыдағы инфографика «Қытайда індеттің тарауы тоқтады» деген хабармен тұспа-тұс дайындалды. Сол кезеңде коронавирустың емін қытайлықтар тапты деп болжадық. Өйткені тәулік ішінде сол аймақтағы вирус жұқтырғандар тіркелмеді. Есесіне, Италияда 2 мың адамға көбейген. Одан бері жарты ай өтсе де, Қытай жұмған аузын ашпай отыр. Ал вирус жарты әлемді жаулап үлгерді. Былайша айтқанда, адамзат тағдыры қыл үстінде тұр.
Тақырыпқа орай: Коронавирус: Цифрлар сөйлеп тұр
«Біз карантинді уақытылы жарияладық па?» деген сұрақ көкейде тұрса да, «Төтенше жағдай режимін қаншалықты сақтап жүрміз?» деген сұрақ әлдеқайда маңызды екенін ескерейік. Әлі де бұл тақырыпқа айналып соғатынымыз анық.