2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

«Адамдарды электрошокермен қорқытқан»: Алматыда пранк жасаған тұрғын жазаланды

Алматыда қоғамдық орындарда электрошокермен айналасындағыларды үрейлендірген 34 жастағы қала тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері анықтағандай, ер адам электрошокерді адамдарға тікелей қолданбағанымен, оларды қорқытқан. Бұл әрекет – қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде тіркелді.

Аталған дерек бойынша ол ұсақ бұзақылық және арнайы құралдарды заңсыз қолдану фактілері бойынша жауапқа тартылды.

Мамандандырылған аудандық әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.