Адамдар рельс ұрлай бастады

Қарағанды облысының тұрғыны бір кәсіпорынның құны 11 миллион теңгені құрайтын рельстерін ұрлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 1 шілдеде Сәтбаев қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу кәсіпорындардың бірінің аумағындағы рельстерді ұрлап кеткені туралы хабарлама келді. Келтірілген залал көлемі 11,3 миллион теңгені құрады.

Анықталғандай, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған, бірақ олар кәсіпорынның балансында тұрған теміржол рельстері ұрланған. Сонымен қатар, бұл темір жол әлі де өндірістік циклге қосылатыны жоққа шығарылмай отыр.

ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 38 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады, теміржол жолдарын тасталған деп санайтынын түсіндірді және оларды ішінара бөлшектеу арқылы жеке пайда табуды көздеген. Ол ұрланған рельстерді металл сыынығын қабылайтын орынға өткізген. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген