Жолаушылар эвакуацияланды: «Алматы-2» вокзалында өрт шықты (видео)

Әлеуметтік желіде Алматы-2 вокзалының ғимаратынан өрт шыққаны туралы ақпарат тарады.

Алматы, NEGE. Жолаушылардың барлығы эвакуацияланған.

Мәліметтерге сүйенсек, шатырдың ағаш жабыны өртенген. Зардап шеккендер жоқ.

29 қарашада сағат 14:08-де вокзал ғимаратының төбесі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, 43 өртсөндіруші мен 14 техника жұмыс істеді.

Сағат 14.50-де өрт сөндірілді. Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді