Адам қаққан айыпкер бұрын сотталған екен
«Орал қаласында мектеп оқушысын қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды», деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасай отырып.
Алматы, NEGE. Жол-көлік оқиғасынан кейін бірнеше сағаттардан соң, оқушы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті тұтқындалды. Бұрын сотталған 33 жасар тұрғын өзі тізгіндеген Audi A6 жеңіл көлігін «Вишневый сад» саяжайындағы бір үйге апарып жасырған. Әуелі ол өз кінәсін мойындамай, мәшинесін белгісіз біреулер ұрлап мініп кеткенін айтып, жалтармақ болған. Кейінірек, бар қылмысын мойынына алып, істеген ісіне өкінген. Оның үстінен ҚК-тің 345-бабы (жол қатынасын өрескел бұзу) және 347-бап (жол-көлік оқиғасы болған орынды тастап кету) бойынша соталды тергеу-тексеру ісі қозғалғаны жөнінде Орал қалалық полиция басқармасының басшысы Мейірлан Әйкенов мәлімдеді.
Көлік қаққан 10 жасар қыз оқиға орнында, дәрігерлік көмек жеткенше көз жұмған.