Адам бір уақытта коронавирустың бірнеше штамын жұқтыра ала ма?

Адам бір уақытта коронавирустың бірнеше штаммын жұқтыра алады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы институты, диагностиканың жаңа әдістерін әзірлеу ғылыми тобының жетекшісі Камиль Хафизов айтып берді, деп хабарлады «Спутник» радиосы.

«Бір уақытта COVID-19-дың бірнеше түрімен ауыруға болады. Бұл жағдайда ағзадағы штаммдардың таралу жылдамдығы әртүрлі болады. 
Яғни, сіз екі түрін жұқтырасыз, ал оның біреуі жеңе бастайды», – деп атап өтті ол. 

Айта кетейік, коронавирустың жаңа штаммы қарашаның соңында Ботсван мен ОАР-да табылды.