Адам өлтіргендер мен зорлық жасағандар мектепте жұмыс істеп келген

Бас прокурордың аға көмекшісі Арғын Айтқожин ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдардың мектептер мен колледждерде жұмыс істегенін мәлімдеді. 

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бұндай фактілер еліміздің барлық өңірінде анықталған. 

«Алматыда 2006 жылы кісі өлтірген бір әйел мектепте еден жуушы болып жұмыс істеген. Ал адам зорлаған азамат лаборант болып жұмыс істеген. Астанада бұрын адам зорлағаны үшін сотталған азамат халықаралық колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған. Бұдан бөлек тазалықшы мен мұғалімге қатысты қасақана дене жарақатын салды деген айып тағылғаны белгілі болды», - деді ол. 

Қазір оқып жатыр

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Атырау облысындағы отбасы қазасы: прокурор оқиғаның мән-жайын айтып берді