Адам өлтірді деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан азаматын адам өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресейден экстрадициялады.

Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Ол 2023 жылғы қаңтарда Шымкент қаласында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен адам өлтірген. Күдіктінің сыбайластары түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал фигурант қылмыс жасағаннан кейін жасырынуына байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған.

Өткен жылғы желтоқсанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті