Адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болған 25 жастағы қазақстандық Бакуде ұсталды

Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша Баку халықаралық әуежайында 25 жастағы қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Ол кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген. Күдікті жәбірленушінің ақшасын алу мақсатында оған дене жарақатын келтірген. Салдарынан ол көз жұмған.

Кейін қаскөй мәйітті Алматы облысындағы Іле ауданына апарып тастап, өзі елден қашып кеткен.

Қазіргі уақытта ұсталған күдікті қамауда.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?