ӘЧ: Бүгін қазақ боксшылары екі салмақта алтынға таласады
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында бүгін тағы екі қазақстандық шаршы алаңға шығады.
Алматы, NEGE. Еске салсақ, кеше ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) «алтын» алса , Махмуд Сабырхан (54 келі) күміс жүлдегер атанды. Енді бүгін Сәкен Бибосынов (51 келі) және Серік Теміржанов (57 келі) финалдағы кездесуін өткізеді. Қазақстандық және өзге боксшылардың ойын көрсету кестесі төмендегіше: 51 келі. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) - Роско Хилл (АҚШ) 57 келі. Серік Теміржанов (Қазақстан) - Джамал Харви (АҚШ) 63,5 келі.
Керем Эзмен (Түркия) - Энди Крус (Куба) 71 келі. Вадим Мусаев (Ресей) - Юрий Захареев (Украина) 80 келі. Алексей Алферов (Беларусь) - Робби Гонсалес (АҚШ) 92 келі. Хулио Ла Крус (Куба) - Азиз Аббес Мухидин (Италия). Жекпе-жектер елорда уақытымен 23:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.