«Academic Leadership Institute: Deans’ School» – Түркістанда айтулы жоба жалғасын тапты

Ясауи университетінде Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінің бастамасымен, оқу орнымыз бен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесе ұйымдастырған «Academic Leadership Institute: Deans’ School» атты декандардың кәсіби дамуына арналған жаңа бағдарлама жалғасын тапты. 

Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Бұған дейін оқыту бағдарламасы 26-қыркүйек күні Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің кампусында басталғаны хабарланған еді. Ал бүгінен бастап университетте «Academic Leadership Institute: Deans’ School» бағдарламасының – «Білім беруді цифрландыру», «Студенттердің жетістіктері», «Таланттарды басқару» модульдері өтеді.

Бағдарламаның мақсаты – қазақстандық жоғары оқу орындары көшбасшыларының кадрлық резервін дайындау. Тыңдаушыларда тұрақты өзгерістер жағдайында факультеттерді тиімді басқаруға, инновациялық тәсілдер мен технологияларды табысты біріктіруге, сондай-ақ этикалық практиканың жоғары стандарттарын қолдауға мүмкіндік беретін құзыреттерді дамыту да көзделеді.

Айта кетейік, оқу ордасына Қазақстанның педагогикалық, техникалық, ұлттық, медициналық және жекеменшік жоғары оқу орындарынан, сондай-ақ Қырғызстан университеттерінен іріктелген 80-нен аса қатысушы келді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?