Абзал Құспан, заңгер: Президентті іс жүзінде де қолдап келе жатырмын
Президент сайлауына екі күн уақыт қалды. Тағдыршешті мезет жақындаған сайын саясаттың көрігі де қыза түсетіні белгілі. Танымал заңгер Абзал Құспан кімді қолдайтынын, кімге дауыс беретінін айтты.
– Өз басым Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын қолдаймын. Себебі, үміткерлер арасынан ол кісіден өзге ел тізгінін ұстауға лайық адамды көріп тұрған жоқпын.
Қарап отырсақ, отыз жыл бұрын қалыптасып қалған жүйе өзгеріп жатыр. Соның бір мысалы ретінде айтар болсам, биыл көпшілік білетіндей, конституцияға өзгерістер енгізілді. Егер заңгер ретінде отыз жыл ішінде ата заңға енгізілген динамикаға қарайтын болсам, бір ғана адамның билігін күйшейтуге бағытталған. Биылғы бастама соның көп тармағын бұзды. Әлі де өзгерістер енгізілу керек деп санаймын. Өйткені, дұрыс емес дүниені дұрыс жолға қою қажет. Ал «Әділетті Қазақстан» деген концепциясын тарқатар болсам, әділдік деген – қоғам үшін өте маңызды компонент.
Қаңтар оқиғасы бойынша іс жүргізу барысында 600-ден астам азаматпен тергеу изолятрында жүздестім. Содан түйгенім – егер мағыстаулықтар сұйылтылған газдың бағасын көтермеу қажеттігін алға тартып бас көтерсе, қалған өңірдің тұрғындары қоғамдағы әділетсіздікке қарсы тұратындығын білдірген.
Бұдан әділ саясат болмайынша, тұщымды экономиканы қалыптастыра алмайтындығымызға көз жеткіздім. Қазіргі президентіміздің көксегені де сол.
Сондықтан диванда жатып алып, «алдыңғы президент алдады, бұл да ұшпаққа ұшырмайды» деп, жалаң сөзбен тон пішпей, дауыс беруге ат салысқанымыз дұрыс болар. Өз басым Қасым-Жомарт Кемелұлын іс жүзінде қолдап келе жатырмын деп есептеймін, – деді А.Құспан.