Абзал Амангелді: Туған ағам Сирияда өлген соң, денесін өртеп жіберді

Бүкіл адамзаттың бейбіт өміріне балта шабуға ұмтылған қаскөй әрекет болды. Ол – жалған жол, діннің атын жамылған құдайсыз қылық және аңғалды арандата отырып қайғы-қасіреті арқылы ақша табуды көздейтін кісәпір қадам. Оның аты көп, шырмауы шырғалаң. «ДАИШ», «Ислам мемлекеті», «Жәннатқа жол», «Шариғат елі» секілді кісінің санасына сыналап еніп, қоғамды шірітуді мақсат тұтқан жатжұрттық мүдде.

Қазақстан әлемде теңдесі жоқ адами қадам жасаған ел. Оны халықаралық ұйымдар, дамыған мемлекеттер солай деп бағалады. «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясы арқылы қан жауып, отқа оранған өлкеден өз азаматтарын туған отанына алып кетуге бар күшін салған бірден-бір мемлекет. Операция барысында елге 524 қазақстандық жеткізілді. Олардың 357-сі балалар, 137-сі әйелдер, қалған 30-ы өндірдей жас жігіттер.

Nege.kz сайты бұдан былайғы жерде осы операция аясында елге жеткізілген қилы тағдыр иелерінің басынан өткеріп, өз ауыздарымен айтқан жантүршігерлік оқиғаларын оқырман назарына ұсына бастайды.

Өмірде ұстаздық етіп, қарапайым мұғалім боп жүрген отағасы үлкен ұлының азғыруына елітіп, арада аз ғана уақыт өткеннен соң, малын, жерін, мәшинесін сатып, бір түнде бүкіл отбасы мүшелері – 8 жанды соңынан ертіп, Сириядан бір-ақ шыққан сұмдық жағдай да болған...

Шам жерінде көз жұмған отағасы Марат Мәуленовтің ортаншы ұлы Абзал Амангелді былай баяндайды:

2015 жылы 31 тамыз күні таңғы 6-ларда бүкіл отбасымызбен, 8 адам Анталияға ұштық. Ол жақта ақтаулық және оралдық жігіттермен кездесіп, кейінірек Сирияға қарай шығып кеттік. Ракка деген қалада тұрдық, бізді ол жерде шариғатпен қалай өмір сүруді, қару-жарақ қолдануды үйретті... Сирия әскері өлген адамдарды өртеп жіберуші еді...менің туған ағамды да олар өлген соң, өртеп жіберді...

– Әкеңіз қайда?

Ол 2017 жылы Раккада өлді. Өзін-өзі жарып жіберуге жазылған еді, бірақ, авиасоққыдан қайтыс болды...

Аида Амангелді:

– Мен өкінемін, барғаныма. Сирияға бармасақ қой, әкеміз, бауырларымыз бәріміз бірге өмір сүрер едік...

Диас Амангелді:

– Барлығымыздың өміріміз құрыды. Әкеміз өлді, екі інім жетім қалды, мен отырмын түрмеде, әпкем де күйеуге тиіп, балалы-шағалы боп отыратын уақыты ғой, ағам да түрмеде отыр, анау ағам да сол жақта қайтыс боп кетті, артынан ұрпақ қалған жоқ...

Осылай өкініштен өзектері өртеніп, бүкіл бір отбасының мүшелері темір тордың арғы жағында ауыр күйзеліс тартып отыр. Қарап отырып – жүрегің езіледі, тыңдап отырып – бойың түршігеді...

P.S:

Біз қазіргі таңда терроризм бабы бойынша үстінен іс қозғалып, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында өздеріне тиісті жазасын күтіп жатқан 14 қазақстандық сотталушымен болған сұхбатты тұрақты жариялап тұрамыз.

Толығырақ төмендегі видеода:

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты