Абу-Дабидегі Grand Slam: Әбиба Әбужақынова жартылай финалға шыға алмады

Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова өнер көрсететін 48 келіге дейінгі салмақта барлығы тоғыз спортшы белдеседі. Қазақстандық спортшы турнирді бірден ширек финалдан бастаған.

Бұл раундта ол ресейлік Марина Воробьеваға қарсы тұрды.

Жекпе-жек қарсыластың мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталды.

Әбужақынова енді жұбаныш айналымында шаршы алаңға шығады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр