Әблязов тағы 15 жылға сотталды

Ресейдің Бас прокуратурасының хабарлауынша, қазақстандық олигарх Мұхтар Әблязовке қатысты сот сырттай үкім шығарды.

Алматы, NEGE. «Мәскеу қаласының Таған аудандық соты «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов, басқарма төрағасы Роман Солодченко, банк қызматкерлері Артур Трофимов, Игорь Кононко, татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенкоға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды», – делінген хабарламада.

Оларға «алаяқтық жасады» деген айып тағылған. 2006-2009 жылдары аттары аталған азаматтар банктен 58 млрд рубль жымқырған. Банктің жалпы сомасы 173 млрд теңге болатын шағымын сот қанағаттандырып, Мұхтар Әблязовті 15 жылға сырттай соттады. Сондай-ақ оның сыбайластары да 10 жылдан 13 жылға дейінгі аралықта жазаға кесілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді