5 июля 2020 г. 20:36
Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева дүниеден озды
Қазақтың абызы Әбіш Кекілбаевтың жары өмірден озды. Клара Жұмабаева 1941 жылы дүниеге келген.
Алматы, NEGE. Ғұмырының 32 жылын медицина саласына арнады. 15 жыл учаскелік терапеевт болып еңбек етті. Қалған 17 жыл ішінде инфекционист мамандығы бойынша жұмыс істеді. Әбіш Кекілбаев пен Клара Жұмабайқызы жарты ғасырдан астам уақыт бірге өмір сүріп, 4 бала тәрбиеледі. Ерте жастан еңбекке араласқан ардақты анамыздың еңбегі еленіп, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттаған.