Әбілқайыр Сқақов: Облыс әкімдігі қала әкімдігінің міндетін ауыстыра алмайды

19 шілдеде Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды. Ол – бұрын Павлодар облысы әкімінің орынбасары болған Асайын Байханов.

Қаланың жаңа әкімінің алдына міндеттемелер қойған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бұрынғы әкімді бюджет жоспарлауды тиімсіз жүргізгенін, оның ішінде шыбын-шіркеймен күреске бағытталған конкурсты өткізе алмағанын айтып, сын садағына алды.

«Бюджет пен мемлекеттік сатып алуды тиімсіз жоспарлағанның кесірінен биылғы жылы жолдарды жөндеуде, қаланы көркейтудежәне басқа да салаларда айтарлықтай кемшіліктер бар. Ал шыбын-шіркеймен күреске қатысты конкурсты әкімдік тіпті аяқ асты етті. Мерзім – істің бір пұшпағы ғана. Мердігерлер жұмысына қатысты да сұрақ көп. Кейбір мердігер ұйымдардың жұмысына бақылауды айтарлықтай күшейту, тіпті қатаңдандыру керек», – деді Сқақов.

Аймақ әкімі қалалық әкімдік облыс орталығында қандай мәселе барын әрдайым білуі керек және оны «шұғыл, сапалы және тиімді» шешуі керек екенін айтты.

«Нақты іске келгенде былай боп шығады: уақытын өткізіп алады да, содан кейін маған, менің орынбасарларыма немесе басқарма басшыларына кірісуіне тура келеді. Облыс әкімдігі қала әкімдігінің міндетін ауыстыра алмайды», – деді Павлодар облысының әкімі.

Әбілқайыр Сқақов Павлодардың жаңа әкіміне осы мәселенің бәрін үнемі бақылуда ұстауды тапсырды. Бұдан бөлек, басты бағыттардың бірі ретінде жылу беру мерзіміне дайындық мәселесі болуы керек екенін айтты.

Естеріңізге салайық, биылғы жылы қалалық әкімдікте шыбын-шіркейді жоюға қатысты тендер өтпей қалды. Облыс әкімдігіне қала аумағында шыбын-шіркейді жою жұмысына өзінің мердігерін тартуына тура келді.

Қазір оқып жатыр

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты