Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты
Бокстан Қазақстан командасының капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді, деп хабарлайды ҰОК сайты.
Астана. NEGE. "Бұл шешімді әлем чемпионатынан кейін қабылдадық. Әуесқой бокстан түбегейлі кеттім демеймін. Бас бапкерге хабарласып, рұқсатын алдым. Алдағы уақытта ірі жарыстар қарсаңында ұлттық құрамамен жаттығатын жоспарым бар", - дейді Жүсіпов.
Сербиядағы әлем чемпионатына Абылайхан команда капитаны ретінде қатысқан болатын. Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Рио және Токио Олимпиадаларының қатысушысы.