Әбиба Абужақынова дзюдодан Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті. Әбужақынова жартылай финалға дейін жетіп, Қытай спортшысы Вэньне Чжуанға жол берді.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездесіп, тиімді әдіс арқылы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бірінші жарыс күнін бір медальмен аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда дизель отынына цифрлық және түстік бақылау енгізілді

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады