Абай облысының әкімі Берік Уәлидің орынбасары Премьер-министрдің сынынан кейін қызметінен кетті

Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков орман өртіне байланысты жедел әрекет ету алгоритмін орындамағаны үшін Премьер-Министр Олжас Бектеновтың сынынан кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Абай облысы әкімінің орынбасары Гариков Дмитрий Александрович қызметінен босатылғанын хабарлаймыз. Ол Премьер-Министрдің орман өртіне дер кезінде әрекет етпегені үшін өңір басшылығын сынға алғаннан кейін қызметінен кетті», – делінген ресми хабарламада.

Дмитрий Гариков 2022 жылдың қазан айынан бастап Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Бұған дейін ол ШҚО көлік басқармасын басқарған, екі рет Семей қаласы әкімінің орынбасары болған, Курчатов қаласын басқарған, ШҚО әкімінің орынбасары және облыстық ГАСК басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 

Еске салайық, 15 сәуірде Премьер-Министр Олжас Бектенов Павлодар және Абай облыстарының басшылығын орман өрттері кезінде мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл алгоритмін орындамағаны үшін қатаң сынға алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды