Абай облысындағы жолда қозғалысқа шектеу қойылды

Жол 11 қараша сағат 06:00-де ашылуы мүмкін. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 683-967 шақырым аралығында қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

10 қараша сағат 16:30-да Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 683-967 шақырым аралығында (Таскескен ауылының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін) жүк және жолаушы көлігінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген ақпаратта.

Жолды 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?