Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Абай облысында KAZ Minerals компаниясына қарасты «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында қайғылы жағдай орын алды.

Depositphotos

Астана, NEGE. 2026 жылғы 27 сәуірде шахта ішінде тау жынысы опырылып, салдарынан бір жұмысшы көз жұмды. Тағы бір қызметкер жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Компания мәліметінше, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тексеру басталған.

«KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук оқиға орнына жол тартты», – делінген компанияна жариялаған мәтінде.

Компания қаза тапқан қызметкердің жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады. Сондай-ақ жарақат алған жұмысшыға да толық қолдау көрсетілмек.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?