Абай облысындағы өрттен 400 гектар орман алқабы жанып кетті

Абай облысындағы өрт алдын ала болжам бойынша 1200 гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі. 

Абай облысы

Алматы, NEGE. Оның 800 гектары дала, 400 гектары – орман алқабы.

Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері, облыстық Полиция департаменті, «Семей орманы» мен «Ертіс орманы» мекемелерінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар жағдайды әлі де бақылауда ұстап отыр.

Қарағанды облысы мен Астана қаласынан қосымша күштер мен техника көмекке келді.

Абай облысының әкімі Берік Уәли Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерімен бірге бүгін таңертең өрттен зардап шеккен Морозов филиалының Соснов орманшылығына тікұшақпен әуеден бақылау жүргізді.

«Тікұшақпен өртенген аумақтарды мұқият қарап шықтық. Өрттің толық тоқтатылғанына көз жеткізіп, елді мекендерге, тұрғындарға қауіпсіз болуын бақылауда ұстаймыз» – деді аймақ басшысы.

Өртті сөндіру жұмыстарына 419 адам, 140-қа жуық техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты