Абай облысындағы мұғалім танымал әнші Ники Минаждың саунд-продюсері болды

Абай облысындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін Ерқанат Садуханов әлемге танымал әнші Ники Минаж альбомының саунд-продюсері болды, деп хабарлайды Kazinform.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, жас педагог өзінің ұстаздық қызметін сүйікті ісімен қатар алып жүріп, халықаралық жобаларда шығармашылық қабілетін танытуда. Музыкалық әлемде ол @eraholic лақапатымен танымал.

Ерқанат Садуханов өз парақшасында Ники Минаждың «Pink Friday 2» альбомының делюкс-нұсқасының саунд-продюсері болғанын ресми түрде жариялады. Альбомның тұсаукесері 2024 жылдың 13 желтоқсанында жоспарланған.

Айта кетейік, Ерқанат бұрын әлемдік жұлдыздармен, атап айтқанда Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa-мен жұмыс істеген.

Ники Минаж – әлемдегі ең танымал рэп орындаушылардың бірі. Ол бірнеше марапаттың иегері, оның ішінде ASCAP сыйлығын «Ең үздік хип-хоп орындаушысы» номинациясында жеңіп алған. Сондай-ақ жақында Эминемді озып, ең көп қаралған рэпер атанды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты