Абай облысындағы мектепте жылыту қазандығы жарылып, от жағып жүрген жұмысшы ауруханаға түсті

Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «22 қарашада сағат 10.55-те Үржар ауданы, Үржар ауылы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 20 м қашықта орналасқан қазандығы жарылған (алдын ала себеп жүйедегі айналымның бұзылуы, қазандықтағы қысымның жоғарылауы). Жарылыстан қазандықтың шатыры 60 шаршы метр аумаққа опырылып түскен. Салдарынан 1970 жылы туған жұмысшы Р.Телемісов, 1-2 дәрежелі 20 пайыз дене күйігімен (екі қолы мен бетін ыстық будан күйік шалған) Үржар аудандық орталық ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, мектептегі оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланбаған, олар ары қарай оқуын жалғастырған.

Оқиғадан кейін резервтегі қазандықтың іске қосылғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді

Мотокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды