Абай облысында «Жигулидің» ішіне сиыр тиеп алған тұрғынның видеосы тарады

Абай облысында «жигулидің» салонына екі сиырды тиеп алған тұрғынның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тарады. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына «жайғасып» алғанын көруге болады.

Полиция аталмыш жағдайға қатысты пікір білдірді. 35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.