Абай облысында заңсыз еңбек еткен шетелдіктер анықталды

Абай облысында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдіктер анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Көші-қон қызметінің қызметкерлері облыс орталығында Өзбекстан Республикасының 79 азаматын анықтады, олар ғимарат салу бойынша еңбек қызметімен заңсыз айналысқан.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар елдің заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс беруші жазаға тартылады.

Қазіргі уақытта мамандандырылған әкімшілік сотта қаралатын материал жиналып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды