Абай облысында үйлерді тонаумен айналысқан ұрылар ұсталды

Полиция Абай облысының Аягөз қаласында арнайы операция жүргізіп "сериялық" қылмыстарға қатысы бар ұрылар тобын ұстады. Күдіктілер үй-жайларды жайпап тонаумен күн көрген.

Полиция

Алматы, NEGE. Былтырдан бері аудан полициясына жергілікті тұрғындардың үйлерінен ақша, қымбат заттар мен зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы арыздар түсе бастаған. Қолды болған құнды заттардың жалпы сомасы 2 млн 170 мың теңге.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұрылар үй иелері жоқ кезде жеке сектордың аумағына кіріп, пластикалық терезелерді сындыру арқылы ішке кіріп, құндылықтарды ұрлап жүрген.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық және үй-жайға заңсыз кіру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты