Абай облысында үш баласына 9 млн теңге қарыз әке жауапқа тартылды

Абай облысында үш баласына 9 млн теңге қарыз әке жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Абай облысының тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған үш баласына 9 млн теңге қарыз 37 жастағы әке жұмыска орналасуға және балаларына алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бар болып үш жыл төлем жасаудан жалтараған.

Осы уақыт ішінде алимент құны 9 млн теңгеден асқан. Сот ер адамды ҚР ҚК-нің 139-бабында көзделген жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалып, бүкіл мерзім ішінде жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.

 – Менің алимент төлеуге мүмкіндігім болмады, кездейсоқ табыстармен жүрдім, сол табыстарды өзімнің және екінші отбасымның қажеттіліктеріне жұмсадым. Мен алимент төлеуден бас тартпаймын және табысымнан біртіндеп өтеуге бар күшімді саламын, – деп түсіндірді сотталған.

– Сотталған Абай облысы бойынша Бородулиха аудандық пробация кызметі есебіне койылды. Жұмыска орналастырылды және алимент төлейді. Барлығы кәмелетке толмаған бес баласы бар, үшеуі бірінші некеден, екеуі екінші некеден туған балалар, – деп түсіндірді пробация қызметінің бастығы Каскен Бодаев.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды