Абай облысында үш адам апатты жағдайдағы аспалы көпірден құлап, мерт болды

Жергілікті төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 сәуірде Аягөз ауданы Ақшәулі ауылында болған.

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. “Алдын ала мәлімет бойынша және куәгерлердің сөзінше, Көкқамыр аумағындағы ағаш аспалы көпірден мотоциклді өткізбек болған шаруа қожалығының үш жұмысшысы Қаракөл өзеніне құлаған. Жағалаудан ұялы телефондар мен сырт киімдер табылды” деп жазылған депатамент хабарламасында.

16 сәуірде құтқарушылар 1980, 1978 және 1967 жылғы үш ер адамның денесін тапқан. Облыстық полиция тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа қарағанда аспалы көпір апатты жағдайда болған. Әзірге жергілікті әкімдіктер оқиғаға түсініктеме берген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр