Абай облысында өз әпкесінің малын ұрлаған әйел жауапқа тартылды

Абай облысында өз әпкесінің малын қолды қылған күдікті жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Абай облысының тұрғыны ат қораға келіп, малды түгендеу кезінде қорада бір қой мен ешкі жоқ екенін анықтады, сол арқылы әйелге жалпы сомасы 100 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірілді.

Кейіннен малды оның екі туысы ұрлап әкеткені анықталды, олардың бірі жәбірленушінің сіңлісі болып шықты. Сот оларды кінәлі деп танып және әрқайсысына бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

– Жазасын өтеу үшін сотталғандар Семей қаласының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне келді, олар жұмысқа орналастырылды, әпкесіне келтірілген материалдық залал толығымен өтелді, – дейді арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Абзал Жанаспаев.

– Мен жасаған қылмысым үшін өкінемін, мені үйде үш кәмелетке толмаған балам мен жұбайым күтіп отыр, мекеме қызметкерлері менімен тәрбиелік сипаттағы әңгімелер өткізді. Апайым мені кешіріп қазіргі таңда екеуіміздің қарым-қатынасымыз жақсы, – деп айтты сотталған.

Қазір оқып жатыр

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады