Абай облысында мұғалім 7-сынып оқушысының денесіне қол жүгірткен

Әлеуметтік желілерде мұғалімнің сабақ үстінде оқушы қыздың құлағы мен мойнын ұстаған сәті түсірілген видео тарады. 

instagram.com/nemolchikz

Алматы, NEGE. Анықталғандай, видео 2023 жылы түсірілген. Оқушы қыз қазір 9-сыныпта оқиды.

Әлеуметтік желіде жарияланған хабардан кейін Балалар құқығын қорғау комитеті тексеру жүргізді.

«Мұғалім жалпы білім беретін мектепте 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 6 наурызына дейін жұмыс істеді. Ол негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезеңіне қабылданған болатын. 2024 жылдың наурызында еңбек шарты қызметкердің өз бастамасымен басқа қалаға көшуіне байланысты тоқтатылды», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Еске салайық, бұл жағдай Семейде әскери дайындық пәнінің мұғалімі 13 жастағы оқушы қызды зорлаған мектепте болып отыр. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?