Абай облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз бен оны демалыстан алып келе жатқан ата-анасы жол апатынан қаза тапты

2025 жылғы 28 маусымда Аягөз гарнизонының бір әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген сарбаз бен оның ата-анасы жол-көлік апатынан қаза тапты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы 2025 жылғы 28 маусымда Аягөз гарнизонының әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі және оны демалыстан алып келе жатқан ата-анасы жол апатынан қайтыс болғанын хабарлайды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Қайғылы оқиға бойынша құзырлы органдар тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмдардың денелерін туған жеріне жеткізу үшін әскери ұшақпен тасымалдауды ұйымдастырып отыр.

«Құрлық әскерлерінің тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі», – деп атап өтті ведомство.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты