Абай облысында қауіпті өрт сөндірілді

Абай облысында ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді, деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Мақаншы ауданы Мақаншы ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында бір шатырдың астындағы гараж, дүкен және шаруашылық құрылысы жанды.

Өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына 4 минутта жетті. Өрттің кеш хабарлануына және шатрыдың ағаштан жасалуына байланысты өрт өрши түскен.

Құтқарушылар сыйымдылығы 50 литр болатын екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, 140 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Қазір оқып жатыр

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді

Әлемде әрбір алтыншы бала мектепке бара алмайды – ЮНЕСКО