Абай облысында ит қапқан ер адам қайтыс болды

Абай облысындағы аудандардың бірінде ит қауып алған 70 жастағы ер адам көз жұмды. Бұл туралы Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева айтты.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы жағдай ер адамның дәрігерге дер кезінде барып, екпе алмағанынан болған.

"Науқас ауруханаға құтырманың айқын белгілерімен түсті. Вирус орталық жүйке жүйесін зақымдап үлгерген. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады", – дейді департамент басшысының орынбасары.

Мамандардың айтуынша, бұл жыл басынан бері Қазақстанда құтырмаға байланысты тіркелген екінші өлім жағдайы. Екі жағдайда да науқастар қажетті вакцинациядан өтпеген.

Дәрігерлер құтырма өлімге соқтыратын аса қауіпті ауру екенін, бірақ оның алдын алуға болатынын айтады. Егер адамды жануар тістеп алса, тырнап кетсе немесе сілекейі теріге тисе, бірден дәрігерге жүгініп, екпе салдыру қажет.

Санитар дәрігерлер үй жануарларын вакцинациядан өткізу және далада жүрген иттер мен мысықтармен байланысты шектеу өте маңызды екенін еске салады.

Қазір оқып жатыр

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады